$447.88 €516.58 ₽5.29
×

Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Ол 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды AstanaTV. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді.

Сондай-ақ, актерге 5 жыл әлеуметтік желіге тіркеліп, блог жүргізуге тыйым салынды. Ал экс-жұбайына 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Үкімнің заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіре алады. 

Айта кетейік, прокурор Нұрсұлтан Жақсыгенге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Айыптау тарабының мәліметінше, актердің әрекеті бұрынғы жұбайының ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.