Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Ресей президенті болып қайта сайлануымен
құттықтады. Жеделхат жеке өзінің және халықтың атынан жолданған. Мұны Ақорда
хабарлады. Онда "сайлаудағы айқын жеңіс Ресей халқының Владимир Путиннің
елді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағанының дәлелі" делінген. Путиннің Қазақстан-Ресей арасындағы
стратегиялық серіктестік пен одақтастық арқылы достық пен татулықтың дамуына
қосқан үлесі зор. Президент осы үшін де алғыс білдірді. Бұл достықты жоғары
бағалайтынын айтқан Нұрсұлтан Назарбаев әріптесіне жауапты қызметте жаңа
жетістіктер, достас елге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.