Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Скрипаль уланған газды Ресей қолданбайды - В. Путин

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
2594
Скрипаль уланған газды Ресей қолданбайды - В. Путин

Владимир Путин мемлекеттік барлау басқармасының офицері Сергей Скрипальды улауға қатысты тағылған айыпты "бос сандырақ" деп атады. Өйткені Ресей химиялық қару қолданбайды. Путиннің сөзінше, ол халықаралық бақылаушылардың көзінше жойылған.  Мұны Рейтерс хабарлады.

Еске салайық, бұрынғы полковник Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Солсбериде белгісіз газдан уланған. Ұлыбритания бұған ашықтан-ашық Ресейді кінәлады. Тіпті ресми Мәскеудің мұны түсіндіруін талап етті. Кейін премьер Тереза Мэй ресейлік 23 дипломатты елден шығарып, мемлекетер арасындағы байланысты тоқтататынын мәлімдеді. Оған жауап ретінде Ресей елшілігі де 23 британдық дипломатты шығаратын болды. Петербургтегі Ұлыбритания кеңесі мен консулдығының да жұмысын тоқтатпақ. 

Владимир Путин, РФ президенті:

Кез-келген адам мұның бос әңгіме, құр сандырақ екенін түсінеді. Ресей президент сайлауы мен футболдан әлем чемпионаты қарсаңында бұған жол бермейді. Бұл мүмкін емес. Біз әріптестік орнатуға дайынбыз. Қажет болса, тергеуге қатысуға әзірміз. Бірақ екінші тараптың да қызығушылығы керек, біз мұны көрмей отырмыз. 

Дегенмен, Ұлыбритания сол күні-ақ Ресеймен бірлесе тергеу жұмыстарына қатысуға дайын екенін білдірген. Осы елдің Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Мәскеуге экс-шпионның улануына қатысты тергеу материалдары ұсынылатынын мәлімдеді.