Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте кәсіпкердің отбасындағы екі адамды өлтірген күдіктілер іздестіріліп жатыр

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
3444
Шымкентте кәсіпкердің отбасындағы екі адамды өлтірген күдіктілер іздестіріліп жатыр

Шымкентте кәсіпкердің отбасын қырып кеткен күдіктілер әлі іздестіріліп жатыр. Бір отбасындағы екі адам қаза болған еді. Жанұяның тағы бір мүшесі аман қалды деген ақпарат тарап үлгерген. Бірақ полицейлер мұны әзірге растамады. Бұл қылмысқа не себеп болуы мүмкін? Әріптесім Айзада Төребекқызы анықтауға тырысты.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Екі адамның ажалына себеп болған қанды оқиға туралы полицияға Тассай шағын ауданының  тұрғыны хабарлапты.

Оқиға ауылдағы ауқатты отбасыларының бірінде болған. Тек көршілері бұл оқыс жағдай туралы полициядан естігендерін айтады. Жергілікті тұрғын Фият Низамеддинов сол күні түнгі ауысымнан шыққан екен. Айтуынша, үйіндегілер бөгде дыбысты естімедік депті.

Фият Низамеддинов, көршісі, Тассай шағын ауданының тұрғыны:

Мылтықпен атқанын айтты полиция. Только от них информацию получил, соны айтты, болды. -Мылтықпен атқан ғой демек? Тағы да 15 жасар қыз болыпты, соны есіттіңіз бе? - Жоқ, оны есітпедім мен.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, кәсіпкердің өзі осыдан төрт-бес ай бұрын қайтыс болған. Отбасына тиесілі біраз шаруашылығы бар көрінеді. Жергілікті жұмыссыздарды еңбекпен қамтыған азаматты ауылдастары халыққа жәрдемі көп тиген еді деп еске алды. Ал күдіктілер қолынан ажал құшқан әйелі жайлы ақпарат аз. Осы оқиғада тағы бір қыз баланың болғанын  полиция  растамады. Ал зорлық-зомбылықпен өлтірілген екеу марқұм болған кәсіпкердің әйелі мен оның анасы болып шықты. 

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Олар - сол үйдің тұрғындары, біреуі жәбірленуші 1931 жылы туылған және оның қызы 1950 жылы туылған. Зорлық-зомбылық белгілерімен өлтірілген. Қай мақсатпен жасалған бұл ауыр қылмыс және де күдікті азаматтардың тұлғалары, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр полиция қызметкерлерімен. Ұсталған кезде біз қосымша ақпарат таратамыз

Айзада Төребекқызы,  тілші:

Бұл жәйт бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ