Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Көлік салығын төлемегендерге талап қатаңдады

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
3996
Көлік салығын төлемегендерге талап қатаңдады

Көлігінің жылдық салығын төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Салықшылар мен полицейлер, сот орындаушыларымен бірлесе отырып, рейдтік тексерулер жүргізуде. Қарызды төлеуге 1 сәуірге дейін уақыт берілді. Одан кейін іс сот орындаушылардың құзырына берілмек. «Салық кодексіне» енгізілген өзгерістер осындай талапты қарастырады. Жеке сот орындаушылары өндірілген соманың 25 пайызын еңбек ақысы үшін алады. Бүгінде салықтан жалтарған алматылық көлік иелерінің саны 11 мыңға жеткен. Тек Медеу ауданында көлік салығы бойынша қордаланған қарыз 865 млн теңге. Қала бойынша борышкерлер мемлекетке 1 млрд теңге қарыз. Салықшылардың дерегінше, қарызын төлемегендер арасында танымал адамдар да жетерлік. Салық төлемейтіндердің банктік есеп-шоты мен төлем карталарын бұғаттау да жоспарда бар. 

Қуаныш Түменбаев, Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

Берешек тұлғаларға хабарлама жолданылды. Алайда бұл хабарламалар толығымен орындалмай отыр. Барлық берешек тұлғаларды 1 сәуірге дейін өз қарыздарын толығымен төлеуді сұраймыз. Өйтпеген жағдайда құжаттар сот орындаушыларға беріледі, сәйкесінше, олардың шығындары көбейеді.