$444.88 €513.26 ₽5.28
×

Шымкент тұрғыны өзін «тергеушімін» деп сес көрсеткен

Шымкент тұрғыны өзін «тергеушімін» деп сес көрсеткен

Әлеуметтік желіде әйел адам ұялы телефон арқылы жанжал шығарып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған видео тарады.

Белгілі болғанындай, ол Шымкент қаласының 25 жастағы Аякөз Әділхан есімді тұрғыны болып шықты. Бұгінгі таңда еш жерде жұмыс істемейді. Департамент өкілдері оның ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоғын мәлімдеді.

БАҒЛАН МЫРЗАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ол қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзықшылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтарды өзін мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, арнаулы атағы мен лауызымын заңсыз иеленгені үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.