Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Балабақша кезегі мәселесі қалай шешілуде?

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
2808
Балабақша кезегі мәселесі қалай шешілуде?

Астанада балабақшаға жолдама алу талаптары өзгерді. Кезегі келген ата-ана өзіне қолайлы балабақшаны 11 сағаттың ішінде таңдауы тиіс. Жолдама алынған соң 5 жұмыс күні ішінде сәби бала-бақшаға келмесе, кезегі автоматты түрде жарамсыз саналады. Жаңа жүйенің тағы бір тиімділігі, азаматтар тәуліктің кез-келген уақытында өтініштегі жеке деректерге өзгеріс енгізе алады. Кезектің келгені туралы хабарлама электронды поштаға және телефон нөміріне жіберіледі. Бұл электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдалану арқылы қол жетімді болмақ. Былтырдан бері Астанада 51 000 сәби балабақша кезегінде тұрған, оның 25 000-дайы электронды жолдама алды. Қазір кезектегі бүлдіршіндер саны - 26 мың. Балабақшамен қамту көрсеткіші Астанада 80% құрайды.

Әнуар Жанғозин, Астана қаласы білім басқармасының басшысы:

Баланың  туған жылына немесе кезекте тұрған орнына байланысты емес, ол кез-келген ата-ана 11 сағат өткеннен кейін бос орында белгілеп, жолдама алуға мүмкіндік алатын болады.