Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысы өтті

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
5855
Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысы өтті

«Болашақ қаласы: елорда сәулеті». Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысы осылай аталады. Биылғы байқау Астанаға арналған. Оқушылар елорданың сәулетін арқау еткен 90 жобаны таныстырды. Ғылыми сайыс дәстүрлі Наурыз кездесулері аясында өтті. Жеткіншектердің қиялынан туған старт-ап жобалар жеткілікті. Олардың бірқатарының атаулары - "Ақылды және қауіпсіз қала", "Астананың 2050 жылғы көрінісі", "Жасыл энергия және экологиялық таза технологиялар". Үздік шыққан он жоба National Geographic телеарнасындағы «Астана - болашақ қаласы» атты деректі фильмде көрсетілмек.

Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы:

Балалар әр пәннен алған білімдерін жинақтау арқылы жаңа бір дүние ұсынады. Барлық пәнді. Осы жағынан қызық. Жобаларды қорғау арқылы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырамыз.

Оқушылар үшін ғылыми алаңға айналған Наурыз кездесулеріне  200-ден астам оқушы бақ сынады. Олар республика бойынша Зияткерлік және жалпы білім беру мектептерінен жиналған. Шымкенттен келген Сейітхан қымбатқа түсетін тас жолдарды пластикпен ауыстыру жобасын ойлап тапқан.

Сейтхан Мұхамеджан, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы, Шымкент: 

Менің пластиктен жасаған жолдарымды жасау арзанырақ, қоқыстың бәрін жолдарға айналдыруға болады.