$444.58 €510.29 ₽5.27
×

Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері жабылады

18.09.2026ж. 15:22
Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері жабылады
Фото: 24.kz

25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді, – деп хабарлайды AstanaTV.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, шектеу Қытай Халық Республикасында «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты енгізіледі.

Аталған күні Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды уақытша шектеуді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.