Жамбыл облысында жасөспірім соққыға жығылып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Astana TV.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты полиция растады. Қылмыстық іс қозғалып, жанжалға қатысушылар полицияға жеткізілген.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, оқиға бұрыннан таныс екі кәмелетке толмаған баланың арасында болған.
"Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.