$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тасқыннан зардап шеккен Аягөз ауданына гуманитарлық көмек жіберілді

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
3693
Тасқыннан зардап шеккен Аягөз ауданына гуманитарлық көмек жіберілді

Тасқыннан зардап шеккен аягөздіктерге гуманитарлық көмек жөнелтілді. Шараға «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйытқы болған. Ең алдымен ұн өнімдері, картоп, күнбағыс майы, шай және басқа да тауарлар жеткізілді. Көмек қолын созуға өңірдің ірі кәсіпорындары да атсалысуда. Көптеген компаниялар бір күндік еңбекақысын аударды. Кейбірі қиын жағдайға тап болған отбасыларға тікелей көмектесуде. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ануарбек Мұхтархановтың айтуынша, тұрғындар құрылыс материалдарына зәру. Қызыл судың астында қалған 189 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі кезде цемент, кірпіш, тақтайлар мен шифер керек.

Ануарбек Мұхтарханов, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Керек боп тұрған құрылыс материалдары. Осыларды біз жеткізіп жатырмыз. Бүгін міне мына үлкен жүкарба 15-20 тонналық, осының ішінде 15 тонна  цемент пен гладь дейді, әлгі құрылысқа керек дейді. Оның үстіне мына жиналған продуктыларды, киімдерді тиеп жатырмыз. Қазір жігіттер сонда Аягөзге барып, сөйлесіп отырмыз, түсіріп халыққа жекізеді.

Өскеменде төрт гуманитарлық көмек бекеті ашылды. Күнара Аягөзге еліміздің әр түкпірінен жүк тиеген көліктер келуде. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ертең зардап шеккен отбасылар жаңа баспаналардың кілтін алады. Бұған өңір бюджеті 50 миллион теңге  бөлген