Кейбір қазақстандықтар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құны қайта есептелді, – деп хабарлайды AstanaTV.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары аяқталған.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеген.
Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі.
Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:
Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген. Астана қаласында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды", - деп түсіндірді комитет өкілдері.
Сондай-ақ 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.