$444.58 €510.29 ₽5.27
×

Павлодарда су жаңа тұрғын үй пайдаланылуға берілді

18.09.2026ж. 19:00
Павлодарда су жаңа тұрғын үй пайдаланылуға берілді

Павлодарда су жаңа тұрғын үй пайдаланылуға берілді. 193 пәтердің кілті тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға табысталды. Жаңа тұрғын үй «Достық» ықшам ауданында орналасқан. Тұрғындардың қуанышына тілшіміз ортақтасып келді.

Лаура Сұлтанова үй кезегінде 18 жыл тұрған. Бұған дейін пәтер жалдап келіпті. Бүгін көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Жалғызбасты ананың қуанышына әпкесі де ортақтасты.

РОЗА СҰЛТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін міне сіңілім Лаура 1 бөлмелі пәтер алып жатыр осы жаңа үйден. Өте қуаныштымыз. Қуанышымызда шек жоқ. Көптен көп рахмет айтамыз, алғыс айтамыз. Енді осы үйде жаңа қоныс құтты болсын деп сыйламыз.

Қоныс тойын тойлағандардың бірі - Жұпар Тәтиева. Ол өз баспанасын 16 жыл күткен. Бүгін арманы орындалып, баспалы болды.

ЖҰПАР ТӘТИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қуаныштымын. 15-16 жыл тұрдым. Бірінші жолдасым тұрған по инвалидности. Ол кісі кеткеннен кейін 17 жылы мен жалғыз тұрдым очередте. Енді міне, бүгін беріп жатыр.  мен енді өте қуаныштымын. Мемлекетке де рахметімді айтамын.

Жаңа пәтерлердің кілтін аймақ басшысы Асайын Байхановты тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Кейбіреулеріңіз 18 жылдан астам осы кезекті күтіп, бүгінгі сәтке жету үшін сабырлық білдіріп, шыдамдылық білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Павлодар облысында 36 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Бүгін 193 пәтердің кілті табысталды. Жылдың аяғына дейін тағы 200 пәтер пайданылуға берілетін болады.