$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Павлодарда қоқысты сұрыптау зауыты ашылды

18.09.2026ж. 19:00
Павлодарда қоқысты сұрыптау зауыты ашылды

Павлодарда қоқысты сұрыптау зауыты ашылды. Кәсіпорын жылына 150 мың тонна тұрмыстық қалдықты сұрыптауға қауқарлы. Сұрыпталған қоқыстар өңдеуге жіберілетін болады. Бұл өңір экологиясын жақсартуға мүмкіндік бермек. Өңірдегі қоқыс өңдеу мәселесін тілшіміз біліп келді.

Павлодар қаласында қоқыс бұған дейін ашық полигондарға төгіліп келді. Бұл қоршаған ортаға өзіндік зиянын келтіретіні белгілі. Осы түйткілді шешу мақсатында кешенді жоба жасалынған болатын. Соның нәтижесінде алғаш рет қоқысты сұрыптау зауыты салынды.

ӘЛИХАН АЛБАКОВ, «СҰРЫПТАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Қоқыс қалдығы қажетті және қажетсіз болып екіге бөлінеді. Қажетті бөлігі сұрыпталып, өңдеуге жіберіледі. Пластиктің барлық түрі өңдеуге жатады. Одан бөлек картон, макулатура да өңдеуге болатын өнім түрлеріне кіреді. Елімізде өңдеуге болатын тағы бір өнім түрі пайда болды. Ол аккумулятор. Оны да қолға алып, өңдеу жағын ойластырып жатырмыз. 

Сұрыптау зауыты барлық қоқыс қалдығының 30 пайызын кәдеге жарата алады. Бұл шамамен қоқыстың үштен бір бөлігін өңдеуге болады деген сөз. Осы арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайту көзделіп отыр. Алдағы уақытта тамақтың қалдығын пайдаға жаратылмақ.  

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жалпы біздің қоқыс көлемінің тең жартысы ол тамақтың қалдығы деп айтуға болады. Азық-түліктің қалдығы соның бәрін сұрыптау бізге өте маңызды деп санаймын. Соны біз болашақта 50 мен 60 мың тоннаның арысында соны сұрыптап, содан органикалық тыңайтқышжасау. органикалық тыңайтқышты біз толықтай ешқайда жібермей, өзіміздің қаладағы көгалдандыру жұмыстары, жанағы жасыл қорға күтім жасау жұмыстарына қолданатын боламыз.

Зауыттың құрылысына 4,7 млрд теңге қаражат жұмсалынды. Алдағы уақытта қоқыс өңдеу жұмысын да қолға алмақ. Болашақта құрылыс заттарын жеке жинау мәселесі жолға қойылатын болады. Ол үшін тұрғын үйлердің ауласында бірыңғай құрылыс қалдықтарын жинауға арналған жәшіктер орнатылмақ. Бұл өңірдегі қоқыс өңдеу мәселесін біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.