Жетісу облысының Қаратал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, оған 200-ге жуық тұрғын қатысты. «Әділет» партиясының облыстық филиалы мұрындық болған игі шара аясында Көпбірлік пен Көкдала ауылдарының төңірегі тазартылып, Тасарал аралы мен Балқаш көлінің жағалауы қоқыстан арылды. Табиғатты қорғау науқанына мәслихат депутаттары, белсенді жастар, қоғам өкілдері мен жергілікті тұрғындар біркісідей атсалысты. «Таза Қазақстан» - "Әділет" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы он негізгі басымдықтың бірі. Оның маңызды бағыттарының қатарында Балқаш көлін қорғау және оған ерекше мәртебе беру де бар. Жалпы жыл басынан бері өңірде 180 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, 58 мың түп көшет отырғызылды және 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
ҚУАНЫШ САЙЛАУБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:
Әркім өзінің ауласынан тазалық акциясын бастаса, елімізде осы жастарымыз, өскелең ұрпақ осыны бойына сіңіріп, ертеңгі күні осы қасиет біздің жастарымздың бойында қалыптасатын болады. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер, қыркүйек айының 3-аптасы жалпы сенбілік жұмыстары жүргізіледі. соның аясында осындай үлкен акциямызды қазір бастамашыл болып ұйымдастырып жатырмыз.