Қытайда 4.4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды AstanaTV.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, Қытайда 19 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 20:54-те (Гринвич уақытымен сағат 15:54) жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,18 градус, шығыс бойлық бойынша 82,95 градус.
Магнитудасы: 4,4.
Энергетикалық класы: 10,8.
Тереңдігі: 24 км.