$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Алғашқы медаль:Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.09.2026ж. 06:13
Алғашқы медаль:Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Триатлоннан ерлер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай қола жүлдегер атанды.

Ол жарыс жолын 53:11 уақытта бағындырды. Мәреге бірінші болып жапониялық Ходзё Такуми жетіп, ол 52:56 уақыт нәтижесін көрсетті. Екінші орынды қытайлық Чжан Сижуй иеленді - 53:05.

Қазақстанның тағы бір өкілі Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Осылайша, бұл қола медаль Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жүлдесі болды.