Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада су тасқынына дайындық басталды

AstanaTV
20.03.2018ж. 20:00
3230
Астанада су тасқынына дайындық басталды

Астанада су басу қаупі бар 27 учаске анықталған. Соның ішінде "Назарбаев" әуежайына төнген қауіп сейілген жоқ. Өйткені Майбалық өзені арнасынан асуы мүмкін. Құтқарушылар тасқынды су қоймасына бағыттаймыз деп отыр.

Еркін Отарғалымұлы, Астана қаласы ТЖД бөлім басшысы:

Астана су қоймасында 133 млн текше метр көлемінде бос орын бар. Бұл қар күрт еріп, Астана су қоймасына су жылдам жиналғанда, қалаға апатты түрде су лақтырудың алдын алады.

Қазір құтқарушылар қауіпті аймақтардан қар шығарып, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жеке секторлардағы арықтарды тазарту қолға алынған. Оны қоқыспен бітейтін тұрғындардың өздері. Осылай деген құтқарушылар оларға айыппұл салмақ. Қазір ауласы мен жертөлесін су басқан тұрғындардан 200-ге жуық шағым түскен.

Валентина Александрова, Астана қаласының тұрғыны:

Ағын су жан жақтан келіп, осы маңға жинала берді. Біз құзырлы орындарға хабарласып, нәтиже болмағандықтан, қолымызға шелек алып, өзіміз сарқуға кірістік. Бірақ аз уақыттан кейін қайта толып қала берді. Құтқарушылар болса, күтіңіздер, келеміз дейді, болды. Әлі жоқ.