$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әзірбайжан ОПЕК құрамына енуі мүмкін

AstanaTV
20.03.2018ж. 20:00
2767
Әзірбайжан ОПЕК құрамына енуі мүмкін

Әзірбайжан мұнай экспорттаушы елдер ұйымына енуі мүмкін. Мұны сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Рейтерс хабарлады. Алып-қашпа әңгіме ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндоның Бакуге сапарынан соң тарап кеткен. Ол ел президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, Энергетика министрімен келіссөз жүргізген көрінеді. Баркиндо Әзірбайжан ОПЕК-тің барлық келісімдері аясындағы міндеттерді орындап келгенін айтқан.

Айта кетейік, 2016 жылы ОПЕК-ке кірмейтін Қазақстан мен Әзірбайжанды қосқанда 12 ел мұнай өндірісін тәулігіне 558 мың баррельге қысқарту туралы келіскен болатын. Венада өткен ОПЕК-тің соңғы отырысында бұл келісім биылғы жылдың соңына дейін ұзартылды.