$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Екінші деңгейлі банктер «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін өз пайыздарын қосады

AstanaTV
20.03.2018ж. 20:00
2907
Екінші деңгейлі банктер «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін өз пайыздарын қосады

Екінші деңгейлі банктер «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруға мүдделі. Бірақ пайыздық үстемелер міндетті түрде қосылады. Бұл туралы "Халық Банкінің" басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтты. Қолға алынған тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы күрделі. Оған бақылау күшті болмаса, мемлекет те, банктер де ұтылады деп отыр. Шаяхметованың ұсынысы бойынша ипотекалық қаржы екінші деңгейлі банктерге 3 пайызбен берілуі керек. Өз кезегінде банктер оны тұтынушыға 4 пайыз маржамен таратады. Сонда бастапқы соммаға кем дегенде 7 пайыз қосылады. Тек осы жүйемен жұмыс істеген жағдайда мемлекет қаржысын тиімді игеріп және оған мониторинг жүргізуге мүмкіндік тумақ.

Үміт Шаяхметова, «Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы:

Аталған бағдарлама осы жүйе бойынша жүргізілсе, мемлекет қаражаты да мақсатты жұмсалар еді. Біздің банктер 2009 жылы тура осыған ұқсас бағдарламаны жүзеге асырған еді. Екі жақты бірлесіп жұмыс істеудің арқасында сол қаражатты 2 айда игерген болатынбыз. Сондықтан банктік пайыздар болмайды, қаржыны сол күйінде халыққа беру керек деген ұрандар керек емес. Өйтетін болсақ, мемлекет банктерді құрдымнан құтқаруға қаражат бөлумен әуре болады.