$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жанкүйерлер қазақстандық паралимпиада чемпионын қарсы алды

AstanaTV
20.03.2018ж. 20:00
2170
Жанкүйерлер қазақстандық паралимпиада чемпионын қарсы алды

Протезбен жеткен жеңіс. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы паралимпиадада ел қоржынына тұңғыш алтын салған Александр Колядин елге оралды. Паралимпиада чемпионын қазақстандық жанкүйерлер қарсы алды. Спортшы бұл жүлде Наурыз мейрамы алдында елге тамаша тарту болды деп отыр. 44 жастағы спортшы бір жарым шақырымдық қашықтықты ептілікпен бағындырған болатын. Қостанай облысында тұратын шаңғышы мемлекеттен сыйақы ретінде 250 000 АҚШ долларын алады. Александр 2022-ші жылы Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадаға да қатысуға ниетті.

Александр Колядин, Пхенчхан паралимпиадасының чемпионы:

Менің ойымша, медаль Қазақстан халқына тиесілі. Ұлы мейрам алдында керемет сый болды. Мына тақиямды да мейрамға орай киіп келдім. Алтын алуыма мемлекеттің берген көмегі, яғни аяғыма салып берген жаңа протезі, медициналық бақылаулар, бөлінген қыруар қаржы мен команданың жұмыла атқарған жұмысы зор септігін тигізді. Ал мен өзіме артылған сенімді жүзеге асыра алдым. Қуаныштымын.