$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Қарағандыда жылыту маусымына дайындықтан үлкен дау шықты

22.09.2026ж. 19:00
Қарағандыда жылыту маусымына дайындықтан үлкен дау шықты

Ал Қарағандыда жылыту маусымына дайындықтан үлкен дау шықты.Мердігер үйлердің алдын құбыр тартамыз деп қазып тастап жөндеу жұмыстарын созып жіберген. Тұрғындардың тіпті үйлеріне кіріп, шығуы қиын боп қалған.  Терең қазылған жерге өткел де, қоршау да қойылмапты. Жұрт орға құлап кетуден қорқады. Әрі қысқа дейін ауланы абаттандырып үлгермейміз деп алаңдап отыр. 

Күзембаев көшесіндегі мына аумақ 1 жарым ай бұрын қазылған. Содан бері қариялар мен балалар терең ордың жиегін  жағалап кіріп, жағалап шығып жүр.

ӘДЕБИЕТ КЕҢДӘУЛЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Міне, мына жерден өттік да ана забор бар ғой, содан ұстайсың. Ол біреуі шығып кетті шегесіненБізге 15 күнде бітіреміз деді. Көп болғаны бір айда бітереміз деді. Әлі мінеки 3 пе 2 жұма ма жұмыс істеген жоқ. Қазір міне мына жерді қазады. Тағы да неше күн, қалай өтеміз, не болатынын ол да білінбейді.

ЗУЛЬФИРА ХРАМЕНКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Екі айдай болды осылай күн кешкелі. Балаларды шығаруға қорқып қамап қойдық. Қыс болса келіп қалды. Мына қазылған жерді күн суыта жаба салады, ал ауланы біз қалай жөндеп үлгереміз? Абаттандыру тағы бар. Жылыту маусымына дейін үлгереді дегенге сенбейміз.

Мердігер алғашында жерді қазып жылу құбырларын екі аптада ауыстырып тастаймыз дегенімен кейін жоқ болып кеткен. Тұрғындар шу шығарған соң ғана  қозғала бастаған көрінеді. Тор қоршау, ескерту белгісін орнатқан.  Біз барғанда ағаштан өткел жасап қойыпты. 

БАУЫРЖАН САПАРҰЛЫ, ЖШС ӨКІЛІ:

Қазір бізде полный лотоктар қойылады. Лоток келді бізге 2-3 күн бұрын келді. Енді басталып жатыр. Бүгін бәрін лотоктың установкасын жасайды. Потом үстінен құм төселіп 2-3 күн ішінде асфальтирование жасалып аяқталады осы жерлер.

Ал қаланы жылумен қамтамасыз ететін «ТеплоТранзит» компаниясының басшысы мердігердің жұмысын әкімдікпен бірлесіп бақылайтынын жеткізді.

АНДРЕЙ ЛЯПУНОВ, «ТЕПЛОТРАНЗИТ ҚАРАҒАНДЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Тұрғындардың наразылығы орынды. Мердігер құбырларды ауыстырмақ болды, бірақ бастапқы сметада науаларды да ауыстыру қарастырылмаған болатын. Жерді қазған соң олар тозған болып шықты. Сондықтан мердігер темірбетон науаларды сатып алып үлгергенше жұмыс тоқтап тұрды. Енді олар орнатылып, жөндеу біткен соң ауланы абаттандырып береді. Жағдайды бақылауда ұстаймыз.

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қарағанды қаласында биыл жаз бойы 15 шақырымнан астам жылу жүйесі жаңарды. Әрине, проблемалы аумақтар бар. Соның бірі-қазір мен тұрған интернационалист- жауынгерлер көшесі. Мұнда тұрғындар саябақтағы ағаштарды кесуге ұзақ уақыт қарсылық білдіргендіктен жұмыс кеш басталған.  Құбырларды ауыстыру әлі жалғасып жатыр.