$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Құлсарыда арнайы техника мен автобус соқтығысты

Құлсарыда арнайы техника мен автобус соқтығысты

Атырау облысының Құлсары қаласында арнайы техника мен автобус соқтығысып,  үш адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілген. Арнайы техниканың ұзын құрылымы автобустың терезесін бұзып, салонды тесіп өткен. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, қажетті материалдар жинақталуда.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Махамбет даңғылында Yutong автобусы мен арнайы техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз.