Түркістан облысында 5 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. 44 жастағы Қырғызстан елінің тұрғыны өңірде көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ер адам Мақтаарал ауданында жүрген жерінен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.Тексеру барысында қырғызстандық азаматтың бұған дейін ұрлық жасағаны үшін 4 сотталғаны белгілі болды. Түркістан облысы Полиция Департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, қамаудан қашқан шетелдік 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.