Астанада көрнекті жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алаш арыстарының аманатын арқалап, тарихтың бүркеулі беттерін ашқан ғалымның мерейтойлық жиыны мерекелік бағдарламамен ғана шектелген жоқ. Кездесуде жазушының әдебиеттану, абайтану және әуезовтану салаларына қосқан сүбелі үлесі сараланып, ұлттық жадыны сақтаудың заманауи бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, «Ұлт мұрасын ұлықтаған тұлға» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мемлекет тарапынан ғалымның әдеби мұрасын кеңінен насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
АЛМАЗ МЫРЗАХМЕТ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ КІТАП ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ағамыздың қалдырған мұрасы ірі іргелі еңбектері ол әрдайым біздің, келешек ұрпақтың алтын қазынасы болатыны сөзсіз. Мәдениет және ақпарат министрлігі ағамыздың кітаптарын насихаттауда үздіксіз жұмыстар ақарып келе жатыр. Мемлекеттік тапсырыспен ағамыздың кітаптары жарық көріп, бүкіл кітапханаларға таратылуда. Сондай-ақ биыл да мемлекеттік тапсырыспен басып шығып, таратуды қарастырудамыз.