$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Жеңіл атлет Кристина Морозова күміс жүлде алды

23.09.2026ж. 05:39
Жеңіл атлет Кристина Морозова күміс жүлде алды
Фото: ANAGOG

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кристина Морозова Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстандық жеңіл атлет спорттық жүрістен өткен жарыста 1 сағат 35 минут 25 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді.

Кристина Морозованың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының құрлық додасындағы жүлде қорын толықтырды.

Айта кетейік, Азия ойындарында жеңіл атлетикадан жарыстар жалғасуда. Алдағы күндері қазақстандық спортшылар бағдарламаның өзге дисциплиналарында жүлделер үшін сынға түседі.