Түркістан облысының Төлеби ауданында болған жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды AstanaTV.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Lihiang» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, «ВАЗ-2114» көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан «ВАЗ-2114» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
«Lihiang» көлігінің жүргізушісі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.