Қазақстандық мерген Валерия Попелова Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды AstanaTV.
Отандасымыз 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан ел намысын қорғады.
Ақтық бәсекенің нәтижесі бойынша ол 139.8 ұпай еншілеп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.
Оңтүстіккореялық Гаын Чу алтыннан алқа тақты. Екінші орын қытайлық Ияо Шэньге бұйырды. Оның отандасы Жаньсинь Цзян үздік үштікті түйіндеді.