Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қоғамдық бірлестіктер де сайлауды байқаушылар қатарында болады

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1475
Қоғамдық бірлестіктер де сайлауды байқаушылар қатарында болады

Сайлаудың шынайы әрі ашық өтуін елдегі қоғамдық ұйымдар да бақылайтын болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында белгілі болды. Шамамен 100-ден аса белсенді алдағы саяси додада дауыс беру процесін бастан-аяқ қадағаламақ. Мұндай мониторингті 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларында өткізуді жоспарлап отыр. Қандай да бір заңға қайшы бұрмалаушылықтар тіркелген жағдайда, әлеуметтік желіде арнайы бет ашып, сонда фото-бейнежазбаларды жарияламақшы.

Айгүл ЕРМАХАН