$511.22 €540.05 ₽4.73
×

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды штабы мүшелері Шығыс Қазақстан облысында болды

AstanaTV
22.02.2016ж. 20:00
1493
«Нұр Отан» партиясы сайлауалды штабы мүшелері Шығыс Қазақстан облысында болды

«Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелері үгіт-насихат шараларын шырайлы шығыстан бастады. Аймақтағы металлургия алыбының ахуалымен танысып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын көрді. Алтай өңірінің қытымыр қысына қарамастан, лимон өсіріп отырған зейнеткерлермен жүздесті.

Өндірісті өлкенің ел экономикасы үшін маңызы зор. «Нұр Отан» партиясы сайлауалды штабы мүшелерімен жүздесу үшін, «Қазмырыш» кәсіпорнының ұжымы түгел жиналды. Қазақстан металлургтерінің таңдауы - «Нұр Отан». «Өйткені партияны металлург ағамыз Нұрсұлтан Назарбаев тізгіндеп отыр», - дейді кеншілер. 


Сондай-ақ Өскемендегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болған штаб мүшелері мекеменің қызмет сапасына халықтың көңілі толатынын көзбен көрді. «Бұрын құжат алу үшін бірнеше сағат кезекте тұрып, түрлі инстанциялардың табалдырығын тоздыратынбыз. Қазір ондай мәселе  жоқ», - деген тұрғындар ризашылығын жасырмады. 


Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы республикалық сайлауалды штабы жетекшісі:

«Нұрлы жол» мен Ұлт жоспарына сәйкес алдағы 4 жылда 400 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Биылдың өзінде бизнес пен өндірісті қолдауға қосымша 200 млрд теңге бөлініп, 14 мың жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Кездесуде түсті металлургиядағы экспортты 20 пайызға жеткізу міндеті тұрғандығын және ірі өндіріс орындарын қолдауы қаралғандығын да жеткіздік.

Амангелді Серғазы, зейнеткер:

Өзге елдерде не болып жатқанын қараңыздаршы. Ал кәсіптен нәсіп табамын деушілерге бізде барлық жағдай жасалған. Бізді үгіттеудің қажеті жоқ. Біз тек Назарбаевқа және «Нұр Отанға» ғана дауыс береміз. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА