$447.85 €513.46 ₽5.31
×

Доллар арзандап жатыр

23.09.2026ж. 17:15
Доллар арзандап жатыр
фото: pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 445,65 теңге болды. Бұл кешегі көрсеткіштен 2,01 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 23 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы -447,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 443,00 теңгеден сатып, 450,00 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағамы - 506,00 теңге, сатып алу бағамы - 516,02 теңге. Рубльді 4,95 теңгеден сатып, 5,15 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда долларды орта есеппен 445,07 теңгеден сатып, 447,08 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны 507,40 теңгеден сатып, 512,24 теңгеден сатып алуға болады. Рубльдің сату бағамы - 5,02 теңге, сатып алу бағамы - 5,13 теңге.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды 444,92 теңгеден сатып, 446,92 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 508,54 теңгеден сатылады, ал сатып алу бағамы - 513,21 теңге. Рубльді 5,05 теңгеден сатып, 5,12 теңгеден сатып алуға болады.