$445.65 €508.71 ₽5.3
×

Ескекшілер Сергей мен Тимофей Емельянов Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Ескекшілер Сергей мен Тимофей Емельянов Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
ҰОК

Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстандықтар екілік-каноэде 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:44.972 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдеге ие болды.

Қытайлықтар У Шэнъюэ и Цзи Бовэнь бірінші орын алды - 1:40.741. Өзбекстандықтар Артур Гулиев пен Владлен Денисов күміс алды - 1:42.878.