Қазақстан әйелдер құрамасы маунтинбайктан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды AstanaTV.
Татьяна Генелева және Юлия Ли кросс-кантри олимпик дисциплинасында ел намысын қорғады.
Нәтижесінде Татьяна сегізінші орынға жайғасса, Юлия Ли 14-орынмен жарысты аяқтады.
Екі спортшы да көшбасшылардан бір айналым қалып қойғандықтан, жарысты толық аяқтай алмағандардың қатарына тіркелді.
У Чжифань (Қытай) жарыс жеңімпазы атанды. Оның отандасы Лян Чжэнлань екінші орын алса, индонезиялық Дэви Саю Белла Сукма үздік үштікті түйіндеді.