$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Депутаттар ТҚЖБ-нің жекенің қолына өтуінен қауіптеніп отыр

AstanaTV
26.03.2018ж. 20:00
2461
Депутаттар ТҚЖБ-нің жекенің қолына өтуінен қауіптеніп отыр

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекенің қолына өтсе, салымшылар ақшасынан айрылып қалмай ма?" Депутаттар осылай деп алаңдаулы. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ұлттық экономика министрін сұрақтың астына алды. Ал шенеуніктер банктің бақылауы мемлекеттің құзырында қалады деп сендірді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Сүтті мол беріп отырған сиырын кім сатады? Біздің сатылуға беріліп отырған насындарымыздың көбісі бүгінгі таңда өзін-өзі ақтап отырған, рентабельдігі өте жоғары, мемлекетке тиімді, жүйелі басқарудағы мекемелерді біз сатуға қойып отырмыз. Ол не үшін, кім үшін, неге?

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық жеңілдетілген шарттары сақталады. Банктің «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларына қатысуы сақталады деп меморандумда жазылады. Егер инвестор бұл шарттармен келіспесе, онда сатпаймыз. Жыл сайынғы салымға берілетін 20 пайыздық мемлекеттік сыйақы да сол күйі қалады.

Аталған банкті жекешелендіру жылдың екінші жартысында аяқталуы тиіс. Шенеуніктердің сөзінше, инвестор жыл ортасында анықталады. Мәжілісте жекшелендіруге жататын өзге де нысандар жайы талқыланды. Депутат Нұртай Сәбилянов сатылымға шығарылған мемлекеттік нысандардың 52 пайызының бағалау құны төмен екенін, арзанға кетіп жатқанын айтты. Азат Перуашевтың есебінше, өткен жылы Үкімет 190 нысан сатқан. Есесіне, 134 жаңа нысан құрылған. Сондықтан жекешелендіру кезінде квазимемлекеттік сектордың жаңа нысандар құруына мораторий жариялауды ұсынды