$441.89 €502.56 ₽5.19
×

Павлодар облысында сотталғандарды жалған жұмысқа орналастырудың 280-нен астам фактісі анықталды

Павлодар облысында сотталғандарды жалған жұмысқа орналастырудың 280-нен астам фактісі анықталды
Ашық дереккөз

Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандардың еңбекпен қамтылу көрсеткіштерін қолдан арттыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды  AstanaTV.

Жүргізілген талдау барысында есептілікке іс жүзінде жұмыс істемеген және олармен еңбек шарттары жасалмаған сотталғандардың енгізілгені анықталды.

Есептік деректерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде еңбекке қабілетті 855 сотталғанның 494-і жұмысқа орналастырылған деп көрсетілген.

Сонымен қатар, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді тексеру нәтижесінде іс жүзінде 205 сотталғанның ғана жұмысқа орналасқаны расталды.

Осылайша, 289 адам іс жүзінде жұмысқа орналастырылмаған, ал еңбекпен қамту көрсеткіші 2,5 есеге артық көрсетілген.

Аталған сотталғандарды жалған жұмысқа орналастыру «Еңбек-Павлодар» филиалының бұйрығымен ресімделгені анықталды.

Сонымен қатар, прокуратура сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмауы анықталған бұзушылықтарға себеп болғанын белгіледі.

Ұсынуды қарау нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.