Қазақстанда Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды AstanaTV Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығу өткізген. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметші теңізге ағып кеткен.