$441.89 €502.56 ₽5.19
×

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды AstanaTV.

 

Ресей президенті Владимир Путин Каспий теңізіндегі қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Бұл туралы түнде Кремльдің ресми сайты хабарлаған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел үшін ауыр кезеңде Ресей басшылығының қолдау білдіргенін атап өтті.

Президент Владимир Путиннің қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтуын жоғары бағалайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның ел үшін орны толмас қаза болғанын атап өтіп, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қолдау көрсету маңызды екенін айтты.

Айта кетейік, Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу барысында қазақстандық әскери қызметшілер қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау және оған себеп болған жағдайларды зерделеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан тарапы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мәселесіне ерекше назар аударуда.