Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте «Ашық аспан» атты халықаралық әуе шарлар фестивалі ұйымдастырылды

AstanaTV
26.03.2018ж. 20:00
7191
Шымкентте «Ашық аспан» атты халықаралық әуе шарлар фестивалі ұйымдастырылды

Шымкентте әуе шарларының халықаралық фестивалі өтті. «Ашық аспан» деп аталатын шара Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған. Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияның спортшылары да қатысты. Көкте қалықтаған әсем де алып шарлар көрермен көзайымына айналды. Тәжірибелі спортшылар әуе шарларын басқару бойынша шеберлік сабағын өткізді. Көкке көтерілем деушілердің жасына шектеу болған жоқ. Сондықтан жастың да, жасамыстың да аспанға ұшып, жерді биіктен тамашалау арманы ақиқатқа айналды. Ал фестиваль соңы естен кетпес "Түнгі жарықшамдар" шеруіне ұласты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ