26 қыркүйек, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады деп күтіледі. Жауын-шашын атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болжанып отыр.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, жауын-шашын елдің батысында ғана болмайды. Бұл өңірде ауа райына антициклонның жотасы әсер етеді.
Республика бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде тұман күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.