$441.88 €503.61 ₽5.24
×

Маңғыстауда ер адам Ыбықты сайындағы терең құзға құлап кетті

Маңғыстауда ер адам Ыбықты сайындағы терең құзға құлап кетті
Фото: ТЖМ

Маңғыстау облысында ер адам Ыбықты сайындағы терең құзға құлап, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды AstanaTV.

Оқиға Ақтаудан шамамен 65 шақырым жерде болған. Ер адам жалғыз болмағандықтан, болған жағдай туралы құтқарушыларға дер кезінде хабар берілген.

Құтқару жұмыстары шатқалдың күрделі жер бедеріне байланысты қиындық тудырған. Зардап шеккен адам қабырғаларының биіктігі шамамен алты метр болатын, ал кей жерлерінде ені бір метрге де жетпейтін тар әрі жетуі қиын жерде қалған.

Құтқарушылар ер адамды қиындықпен шатқалдан алып шыққан. Оны зембілге бекітіп, тар жартасты өткел арқылы сыртқа шығарған.

Кейін зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.