$441.77 €502.38 ₽5.23
×

Қарағандыда дроп-шоттарды басқарумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

28.09.2026ж. 19:00
Қарағандыда дроп-шоттарды басқарумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Қарағанды қаласында дроп-шоттарды басқарумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар «Vavada» интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыруды ұйымдастырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен басқарушы топтың әрекетін тоқтатты.  Тергеу дерегінше, 2026 жылғы қаңтарда осы схеманы ұйымдастырушылар интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару жөнінде келісімге келген. Кейін топ мүшелерінің бірі оның жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырған және операторларды іріктеген.Қарағандыда жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Схемаға барлығы 23 дроп - шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген. Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Сот санкциясымен олардың мүлкіне, оның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.