$441.77 €502.38 ₽5.23
×

Алматыда бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

AstanaTV
28.09.2026ж. 19:00
Алматыда бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

Алматыда жер сілкінді. Зілзала ошағы қаладан 8 шақырым қашықтықта, оңтүстік-батыс бағытта тіркелді. Дүмпу күші 3-4 балл шамасында болған. Зардап шеккендер жоқ па? Шахардағы ахуалды тілшіміз баяндайды.

Қалада таңғы 9:38-де қуаты 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Алматы облысында 2-3 баллмен тіркелді. Ұялы телефондарға дереу хабар келіп, тұрғындар қауіпсіз жерлерге шықты. Жұрт бұл бүгіндікке екінші рет екенін айтады, таңғы 6 шамасында алғашқы дүмпуді сезген.

 БЛИЦ:

- Таңертең мені ұйқыдан оятып жіберді. Жаман шошыдым. Біз киімді жинаймыз ба деп отырғанбыз, бірақ шықпадық.

- Мен төсегімде жатқанмын. Жанымда мысығым болды. Аса сезбедім. Санаулы ғана адам сыртқа шықтық.

- Офиста болдым, қатты сезілді иә. Бірден толчок болды. 00:11 Сигнализация ойнады, бәріміз бірден далаға шықтық.

Төтенше жағдай мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, опырылу қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

ЕРІК ӘЛІПҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сейсмологиялық, геофизикалық, гидрохимиялық , гидродинамикалық және басқа да бақылаулардың деректеріне талдау жүргіздік. Мамандардың бағалауынша аталған жер сілкінісі фондық сейсмикалық белсенділіктің көрінісі болып табылады. Қазіргі уақытта Алматы болжамдық полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты деп бағаланады.

Түстен кейін облыста екінші мәрте жер сілкінді. Нарынқол ауылында 2-3 балл, Кеген ауылында 2 баллдық. Мамандар қатты жер сілкінісінің болу мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Жағдай бақылауда.