$441.77 €502.38 ₽5.23
×

«Қарызсыз қоғам» жобасы цифрлық қаржылық омбудсмен платформасымен біріктіріледі

«Қарызсыз қоғам» жобасы цифрлық қаржылық омбудсмен платформасымен біріктіріледі

Проблемалық несиесі бар азаматтарға көмек көрсету үшін «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірлердегі жұмысы цифрлық қаржылық омбудсмен платформасымен біріктіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Жаңа жүйе арқылы азаматтар қарыз мәселесі бойынша кеңес алып, оны шешуге қажетті заңгерлік көмекке жүгіне алады. Қазір цифрлық платформа әзірленіп жатыр. Қаржылық омбудсмен институтын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу жоспарланған. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 4 миллионға жуық адам қаржылық сауаттылық бойынша оқытылған. Ал 700 мыңнан астам азаматтың несиесі қайта құрылымдалған. Оның жалпы көлемі 700 миллиард теңгеден асқан. Жиында халықтың несие жүктемесін азайту және қарыз мәселесін шешудің тиімді жолдарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

ОЛЖАС ҚИЗАТОВ, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы өіңрлерде осы "Қарызсыз қоғамның" ресурстары өте үлкен. Олар банктерге де үлкен көмек көрсетеді. Сол үшін өңірледе "Қарызсыз қоғам" мен "Әділет" партиясымен бірге проблемалық кредиті шешуге, үлкен жұмыс атқаруға дайынбыз.