Атырауда «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. 3 пен 8 сынып аралығындағы оқушылар кіші, орта және жоғары санат бойынша командалық сайысқа түсті.
Бұл фестивалдің өзгелерден ерекшелігі - мұнда дені сау балалармен бірге ерекше білім беруді қажет ететін, яғни көру, есту, сөйлеу қабілеті мен тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар бүлдіршіндер қатысты. Тартысты сайыста 6 аудан мен қала оқушыларынан құралған 7 команда бақ сынады. Олар «Бочча», «Біз жеңімпаз боламыз», «Жеңіл атлетика» бойынша нағыз доданың не екенін көрсетіп, жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Жеңімпаз команда республикалық кезеңге жолдама алады. Мұндай фестивалдер инклюзивті спортты насихаттап қана қоймай, балалар арасындағы сенімділік пен достықты нығайта түседі,- дейді шараны ұйымдастырушы «Әділет» партиясы өкілдері.
БЕЙБІТ МЫРЗАҒАЛИЕВ. «ӘДІЛЕТ» ПАТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Негізгі мақсаты балалардың зейінін шыңдау, сонымен қатар бір-біріне деген достықты, сыйластықты, татулықты, ептілікке тәрбиелейтін үлкен маңызға ие шара. «Әділет» партиясы әрқашан осындай бүлдіршіндерімізді, еліміздің болашағын, олардың ата-аналарын әрқашан қолдап, осындай шаралардың басы-қасында болады.