$441.88 €503.61 ₽5.24
×

Маңғыстауда тағы бір әскери қызметші қаза тапты деген ақпарат жалған

Маңғыстауда тағы бір әскери қызметші қаза тапты деген ақпарат жалған
Фото: ortcom

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді,деп хабарлайды AstanaTV.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook әлеуметтік желісінде аталған ақпараттың бұрмаланып тарағанын анықтады.

Орталықтың мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі ұсынған ресми ақпаратта әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы дерек расталмаған.

Осыған байланысты мамандар әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға шақырады.

Айта кетейік, дәйексіз әрі жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.