$441.77 €502.38 ₽5.23
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады, деп хабарлайды AstanaTV.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Сапар Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен ұйымдастырылды.

Берлинде Мемлекет басшысының Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылайды.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына да барады. Сонымен қатар Германияның ірі компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізеді.

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.