$439.37 €498.6 ₽5.22

Мас күйде баласын емізіп отырып, абайсызда өлтіріп алған

Мас күйде баласын емізіп отырып, абайсызда өлтіріп алған

Ақмола облысында әйел мас күйде баласын емізіп отырып, абайсызда өлтіріп алған. Қайғылы оқиға Ақкөл ауданында болды. Әйел қонақтан ішімдік ішіп келіп, түнде нәрестесін емізген бойда ұйықтап кеткен. Ал таңертең оянғанда баласының демалмай жатқанын байқаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер сәбидің тұншығып, көз жұмғанын растады. Анасы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Осы оқиғаға байланысты Ақкөл аудандық соты Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша шешім шығарып, әйелді 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ оған пробациялық бақылау белгіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ СОТЫ:

Жаза тағайындауда сот Л есімді адамның шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай деп, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.