$440.86 €500.77 ₽5.27

Роналду Португалия ұлттық құрамасынан кетті

01.10.2026ж. 09:10
Роналду Португалия ұлттық құрамасынан кетті
Фото: Marius Nordnes / Nordnes Foto / Getty Images

Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынынан кетті, деп хабарлайды AstanaTV.

Бұл шешімді кеше Уэльс және Норвегиямен матчтардан кейін, Даниямен ойын алдында өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Роналдудың бұл қадамына құраманың жаңа бас бапкері Жорже Жезушпен арадағы келіспеушілік себеп болды. Жезуш 41 жастағы шабуылшыны Норвегияға қарсы матчта алаңға шығармай, қосалқы құрамда қалдырды және алдағы ойындарда да оны негізгі құрамға шығаруға кепілдік бермейтінін мәлімдеді. Бұған наразы болған футболшы Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлескеннен кейін Копенгагендегі лагерьді тастап кетті. 

 «Уақыты келгенде Португалия халқына ұлттық құрамадан кетуіме не себеп болғаны туралы шындықты айтамын. Қазір командама сәттілік тілеймін», – деп жазды Роналду.

Әзірге бұл оның құрамадағы мансабын біржола аяқтағанын білдіре ме, әлде уақытша үзіліс пе, нақтыланған жоқ