$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2019 жылы 13,5 мың ұстаз 4 пәнді ағылшынша оқытады

AstanaTV
09.04.2018ж. 20:00
6506
2019 жылы 13,5 мың ұстаз 4 пәнді ағылшынша оқытады

Ағылшын тілін меңгеруге мектеп жасынан бастап ден қою - қазіргі заманың ең басты талабы. Ақордада білім және ғылым министрін қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Ел болашағы үшін қолға алынған барлық бастамалар сапалы білімге келіп тіреледі. Саяси-экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру барысында білім саласының алатын ролі ауқымды. Ал халықаралық тілді жетік білмейінше, білім мен ғылымды дамыту туралы сөз қозғау мүмкін емес, - деді Президент

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз ағылшын тілінде баларды оқытпай, мамандар дайындай алмаймыз. Медицинада ағылшын тілін білмейтін адам қалай оқиды? Қалай игереді дүниежүзінде болып жатқан жаңалықты? Техниканы, технологияны алайық. Бұл заманның талабы. Ата-аналар да осыны түсіну керек. Балалары қатардан қалып қалмасын десе, осыған жүруіміз керек. Қазақтың тілін де ұмытпаймыз, әрине.

Министр Ерлан Сағадиевтің мәліметінше, 2019 жылы елде 13,5 мыңдай ұстаз ағылшын тілінде жаратылыстану пәндерін оқыта бастайды. 2016 жылы 2 мың мұғалім ағылшын тіліндегі курстардан өтсе, былтыр 11,5 мың тапсырыс түскен.  2021 жылы барлық мектептерде 4 пән бойынша сабақты ағылшын тілінде өткізу жоспары бар, - деді министр. Сондай-ақ, Сағадиевтің сөзінше, биыл балабақшамен қамту көрсеткіші 95 пайызға жеткен. Жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар саны бойынша теңескенін алға тартты.