Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы бапкерлерді сотқа берді

AstanaTV
09.04.2018ж. 20:00
3980
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы бапкерлерді сотқа берді

Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы 28 жаттықтырушыны сотқа берді. Аталған мекеме басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің сөзінше, басқарма олардан 123,5 миллион теңге өндіріп алмақшы. Ісі сотқа өткен бапкерлердің біразы осында әлі жұмыс істейді. Шенеунік оларға ешқандай қысым жасалмайтынын айтты. Белгілі болғандай, олар кезінде аса ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталған басқарманың бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағановтың ісінде куә болған. Бюджеттің 200 миллион теңгесін жымқырды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен Оңдағанов 12 жылға сотталған еді.

Жеңіс Нығметуллин, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

Мысалы, 123 миллионды 28 адамға немесе 32 адамға бөлінбейді. Оны 32 адам төлей ме, әлде сол 32 адамның біреуі төлей ме, үкіметке бәрібір.

Еркін КАРИН